Рахат Әлиевті қамау мерзімі ұзартылды
2014 ж. 09 маусым
2356
0
Рахат Әлиевті қамау мерзімі 20 маусымға дейін ұзартылады. Бұл туралы APAбасылымы жазып отыр.
"Жұма күні Венаның мемлекеттік соты Австрияның бұрынғы елшісі Рахат Әлиевті қамау мерзімін жария етті. Қамау мерзімі 20 маусымға дейін ұзартылды" деп жазады аталмыш басылым.
Еске салайық, Қазақстанның Австриядағы экс-елшісі Рахат Әлиев 5 маусым күні Венада ұсталған болатын.
Вена прокуратурасының мәлімдеуінше, бұған себеп оның Қазақстанда кісі өліміне және екі банк қызметкерін ұрлауға қатысы бары болғандығы. Венада Әлиевтің өз елінде сырттай сотталғаны да ескерілді. Бірақ ол Қазақстанға қайтарылмаған болатын.
Daily Times газетіне сұхбат берген Әлиевтің адвокаты Манфред Анитер (Manfred Ainedter), оның қорғауындағы адам өз еркімен Австрияға оралып тергеуге көмектескісі келетінін айтқан. Рахат Әлиевті 5 маусым күні кешкі 23:00 шамасында әуежайда полицияны өзі күтіп тұрған жерінде ұстаған. Манфред Анитердің айтуынша, оны тұтқындауға мамыр айында ордер берілген.
Еске салайық, Қазақстан соты Рахат Әлиевті екі банкирдің (Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасенов) өліміне кінәлі деп тапқан болатын. Бұл екеуі 2007 жылы ұрланып кеткен, олардың мәйіті 2011 жылы табылды. Әлиевке елімізде 40 жылға бас бостандығынан айыру жазасын беруге сырттай үкім шығарылды.
Австрия Әлиевке өз отанында әділ сот төрелігі қамтамасыз етілмейді деген шамалаумен оны Қазақстанға беруден екі рет бас тартты. 2011 жылдың шілдесінде құқық қорғау органдары Мальтаға кетіп үлгерген бұрынғы елшіге қатысты өзіндік тергеу бастады.
tengrinews.kz