$1 млн жымқырған "Рамстор" сауда желісінің бұрынғы бас бухгалтері сотталды
2014 ж. 09 маусым
2162
0
"Рамстор" сауда желісінің бұрынғы бас бухгалтеріне қатысты сот үкімі шықты. Медеу аудандық соты "Рамстор" Акционерлік қоғамында осыдан екі жыл бұрын жұмыс істеп кеткен, бірақ қылмыстық ісі биыл қозғалған Әсем Аухадиеваға сегіз жыл кесті.
Сот шешімімен Аухадиева Әсем Алмасқызы ҚР қылмыстық кодексінің 176 бабы, 4 бөлімі және 218 бабы бойынша, кінәлі деп табылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, сонымен қатар жеке мүлкін тәрткіленсін деген үкім шықты.Бір миллион АҚШ долларын жымқырды деп айыпталған экс-есепшінің жақындары болса, қыздарына тағылған айыппен де, шыққан үкіммен де келіспей отыр.
Сот Әсем Аухадиеваны жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеуге, және өтеу мерзімін қамауға алынған күнінен бастап, есептеуге шешім шығарды. Сонымен қатар жазасын өтегеннен кейін, 4 жылға дейінгі мерзімді басшылық қызметте болмауға үкім етті.
Алайда, экс-есепшінің жақындары, сот қыздарының кінәсін толық дәлелдемей, үкім шығарды деп өкпелі. Бірақ соңғы сот процесіне дейін соңғы үкімін сотқа артып келген айыпталушының анасының, тілшілермен тілдесуге мүмкіндігі болмады.
Тек қаршадай қызының әлдекімдердің кінәсі үшін, темір торға тоғытуға үкім шығарғанына налып, қыстығып, жылап тұрды.
Енді экс-есепшінің қорғаушылары қалалық сотқа аппеляциялық шағым түсірмек. Ал, бұрынғы бас бухгалтердің "Рамстор" сауда желісіне қатысты айтқысы келген айрықша ақпаратын, оның жақындары жақын күндері журналистермен өткізетін баспасөз мәслихатында жария етпек.
Айта кетсек, Әсем Аухадиева - екі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана.
31 арна