"Балық бала" ем алу үшін Израильге аттанбақ!..

ikhtioz1704 "Ихтиоз" дертіне шалдыққан Жасұлан ем алу үшін ертең Израиьлге аттанбақ. Осы уақытқа дейін оның ем-домы үшін қайырымды жандардан 8 миллион теңге жиналыпты. "Балық баланың" анасы Ұлбибі Ықыласова бұл қаржының шет елде ем алуға жететінін айтты. Ол жақта Жасұлан 21 күн болып, білікті мамандардың қолынан емнің заманауи түрін алады деп хабарлайды КТК арнасы. Десе де, Израильдегі дәрігерлер, Жасұланның денесіндегі қабыршықты азайтқанымен дертінен құлан таза айықтыруға кепілдік бермейді. Бірақ шетелдік мамандардың көмегіне жүгінген "балық баланың" анасы ұлының сауығып кететініне сенеді. NUR.KZ