Мешімбаева Алматы облысындағы түзеу мекемесіне әкелінді
2014 ж. 03 маусым
1616
0
Анар Мешімбаева жаза өтеу колониясына жіберілді. Бұл туралы Tengrinews.kzтілшісіне оның адвокаты Ботакөз Бейсембаева хабарлады. Жалпы режимдегі колонияда жеті жыл жаза өтеуге үкім кесілген Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Алматы түбіндегі әйелдер түрмесіне жөнелтілді.
Айта кетейік, Мешімбаева Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырғаннан кейін бірден көшірілген. Адвокатының айтуынша, олар апелляциялық алқаның шешіміне шағым келтіруді ойлап отырған жоқ.
"Мен колонияға барып, онымен кездесуді жоспарлап отыр. Бұдан кейінгі әрекеттерімді мен онымен келісіп алып керуім керек", - дейді адвокат Бейсембаева.
Еске сала кетейік, 2014 жылдың 14 ақпанында Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваға мүлкін тәркілеумен бірге жалпы режимдегі колонияда жеті жыл жаза өтеуге үкім шығарылған болатын. Сот оны "Жымқыру" және "Қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану" баптары бойынша айыпты деп таныды. Сотталушы сот шешіміне шағым келтірді. Бірақ апелляциялық сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.
tengrinews.kz