Биыл Астана балабақшаларында 5800-ден астам орын босайды

балабакша Астанада бүгіннен бастап бір ай бойы мектепке дейінгі мекемелерге балаларды қабылдау жүргізіледі. Биыл балабақшаларда 5800 орын босайды. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, балаларды қабылдау 2 шілдеге дейін жалғасады. Содан кейін ата-аналарға балабақшаларға бағыттау түбіртектері беріледі. Осы мақсатта №61 ОМ базасында жұмыс тобы құрылды. Комиссия баланың жасы мен кезегіне қарай күніне 300 адамды қабылдайтын болады. Сондай-ақ, туындаған барлық сұрақтарға жауапты да сағат 15:00-18:00 аралығында осы комиссиядан алуға болады. Баланы балабақшаға орналастыру бүгінде өзгекті мәселеге айналды. Жыл сайын бала туу көрсеткіші орта есеппен 1,1% (850-900 бала) артады. Бұдан басқа, елордада көші-қон деңгейі де өсті. Жыл басынан бері Астана халқының саны 4369 адамға ұлғайды. BNews.kz