Телібеков елден кетті!
2014 ж. 01 маусым
1722
1
Қоғамдық қозғалыстың баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан мұсылмандар одағының аты шулы лидері Мұрат Телібеков қоқан-лоқы мен заңсыз қудалау салдарынан елден кетті.
Өзінің Facebook әлеуметтік желісі арқылы ол ҚМО басқа елде бас сауғалауға көмек көрсеткен халықаралық ұйымдарға алғыс айтатынын жеткізді. Оның нақты қай елде екені белгісіз.
Мұрат Телібековтың Қазақстанда Шыңғысхан мен Гитлерге қатысты сот өткізу, келіндерді тендер арқылы алу секілді арзан жарнамашыл бастамалары қоғамда кері пікір тудырған.
Былтыр қоғам белсендісі деген атқа ие Телібеков 7 күнге тұтқындалған. Сот оған заңсыз митинг ұйымдастырды деген айып таққан еді.