Қазақстанда бес айдың ішінде 10 әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсаған
2014 ж. 23 мамыр
2239
1
Қазақстанда жыл басынан бері 10-ға жуық әскери қызметкер өзін-өзі өлтірген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Бас әскери покуратураның баспасөз хатшылығы хабарлап отыр.
"Биылғы жылдың өтіп кеткен айларынан бастап есепке алсақ, 10 әскери қызметкер өзіне-өзі қол жұмсаған ( Оның ішінде: Қорғаныс министрлігінен - 6, ұлттық ішкі істер гавардиясы - 3, шекара қызметінен - 1 әскери қызметкер). Олардың жетеуі әскери келісімшарт бойынша қызметтерін өтеген. Ал үшеуі әскерге жауынгер ретінде шақырылған яғни жедел қызмет ету тобының жауынгерлері болған" делінген арнайы хабарламада.
Жалпы, аталмыш ведмостваның деректері бойынша соңғы бес жылда әскердегі суицид деңгейі төмендей бастаған. 2008 жылы салада 44 суицид орын алса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 25-ті құраған.
Сараптамалық зерттеулер көрсетіп отырғандай, соңғы бес жылда әскери қарулы күштер арасында өзін-өзі өлтіру көрсеткіші төмендеп отыр. Әскери прокуратураның тексеруі айқындап отырғандай әскердегі суицидтің негізгі себептері қаржылық және материалдық мәселелер мен жеке тұлғалардың арасындағы байланыстың ушығуы.
Әскери прокуратура әскердегі бұл мәселе жыл сайын Бас әскери прокуратының бас қосуында әскери саланың жетекшілерімен, құзырлы орган саласындағы сарапшы мамандармен талқылаға түсіп отыратынын, осыған байланысты арнайы шаралар қарастырылатынын алға тартуда.
tengrinews.kz