Алматыда көлігіне дәрет сындырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды
2014 ж. 23 мамыр
1949
0
Алматыда ел-жұрттың көзінше көшеде дәрет сындырып, "шоу" ұйымдастырған қымбат көліктің жүргізушісі 5 тәулікке қамалды.
38 жастағы алматылықты әдепсіз әрекеті үшін полиция қызметкерлері әкімшілік кодекстің 4 бірдей бабы бойынша жауапкершілікке тартты. Жүргізушінің әрекеті ғаламторда қызу талқыланған болатын.
Қымбат тұратын "Порше Кайен" көлігінің жүргізушісі 40 минуттай әрі-бері сенделіп, ақырында көшеде дәрет сындырады. Ол аздай рұқсат етілмеген жерден бұрылып, жол ережесін де бұзған. Бірақ полиция қызметкерлері оның ішімдік ішкенін дәлелдей алмады. Қалалық ІІД ресми өкілінің мәлімдеуінше, әкімшілік кодекстің 330-бабы бойынша ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылды. Жүргізуші әкімшілік сот шешімімен 5 тәулікке қамалды. Жол ережесін бұзғаны үшін 4 факті бойынша айыппұл төлейтін болады.7 арна