Алматылық жастар гей-клубының алдында қарсылық танытты
2014 ж. 16 мамыр
2219
1
Алматыда түрлі жастар ұйымдарының 80-нен астам өкілдері гей-клубының алдында қарсылық акциясын ұйымдастырды.
"Акцияның басты мақсаты – символикалық тақтадағы жазу арқылы қоғамға қарапайым жағдайды түсіндіру болды. Бір жынысты қарым-қатынастан толыққанды отбасы шығуы мүмкін емес", - делінген "Антигей" қозғалысының хабарламасында.
Ал мекеме басшылары ешқандай әрекетке бармаған. Тек акцияға қатысушыларды сырттан бақылап тұрып, құқық қорғаушыларды да шақырмаған. Бейсенбіде өткен акция Халықаралық отбасы күніне арнайы ұйымдастырылған.Алматы арнасы