Астанада еркекшора қыздың өліміне қатысты жаңа мәлімет шықты
2014 ж. 12 мамыр
4462
1
Астанадағы ерекшора қыздың өліміне қатысты да жаңа дерек. Біржынысты некедегі Кристина Чернышеваны өзінің сүйіктісі тұншықтырып өлтірген. Және жалғыз емес.
Қазір жантүршігерлік қылмысқа қатысы бар 3 қыз ұсталды. Күдіктілердің арасында марқұмның "жары" Королина да бар деп хабарлайды КТК арнасы. Жұрттың жағасын ұстатқан қанды қылмыс асқан қатігездікпен жасалған.
Бірақ полиция жоғалған қыздың қайдан табылғанын да ашып айтпай отыр. Бір анығы Чернышеваны өзінің махаббаты қылқындырып өлтірген. Оған қызғаныш себеп болуы әбден мүмкін.
Айта кетсек, бейресми біржынысты некедегі бұл жұп былтыр наурызда Қарағандыда дүрілдетіп үйлену тойларын өткізген еді. Кейін қос ғашық қол ұстасып Астанаға қоныс аударыпты.
Олардың tлордада жеке бизнесі болған және екі бала тәрбиелеп отыр екен.
Айта кетсек, ғашығының қолынан қаза тапқан Кристина небары 19 жаста.
"КТК" арнасы