Қарағандылық зейнеткер оқушыға оқ атты
2014 ж. 06 мамыр
1909
0
Қарағандыда зейнеткер балконнан оқушыға оқ атқан, баланың әкесі полицияға шағымданды, - деп жазады "Новости Караганды".
Басылымның хабарлауынша, Олимпийский көшесінде тұратын 63 жастағы мүгедек өз пәтерінің балконында тұрып, көшеден өтіп бара жатқан адамдарға пневматикалық тапаншадан оқ атқан. Ол осылайша көңіл көтермек болыпты. Оқ 6-сынып оқушысының аяғына тиген.
Қазіргі уақытта төтенше оқиғаны құқық қорғау органдары тергеп жатыр. Еске салайық, жуырда Алматыда Range Rover жүргізушісі өзіне жол бермеген бір қызға қару кезенгенболатын. Ер адамның кім екені бірден анықталып, ісі сотқа берілді. Айта кетейік, елімізде травматикалық қару қолдануға ресми түрде тыйым салынды. Мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойған еді.
tengrinews.kz