"Антигептил" белсенділері Ақорданың алдында шоу ұйымдастырды
2014 ж. 29 сәуір
1670
1
Осы "Қазсат-3"-ті алып ұшқан "Протон"-ға қарсы наразылық жалғасуда. Атышулы "Антигептил" қозғалысы Байқоңырдан көкке көтерілген осы зымыран тасығышқа тыйым салуды талап етіп тағы дүрлікті деп хабарлайды КТК.
Бұл жолы табиғат жанашырлары арашаны Елбасыдан сұрамаққа келіпті. Сөйтіп Ақордаға қарай бет алды. Топты бастап жүрген "Қазғарыш" төрағасы Талғат Мұсабаевты жекпе-жекке шақырған Болат Біләлов.
Жақтастарын еріткен ол президент сарайының алдындағы жәшікке шағымын тастады.
"Протонның" ұшуына тыйым салуды сұраған белсенділердің әрекетін полиция алғашында сырттай бақылап тұрған.
Бірақ, наразы топ мүшелері үстіндегі күртешелерін шешіп, жейделеріне жазылған ұрандарды көрсеткені сол еді, тәртіп сақшылары оларды қуып жүріп ұстап автобусқа тиеп алып кетті.
"КТК" арнасы