Дмитрий Медведев: Ресей экономикалық қиындық көріп отыр
2014 ж. 23 сәуір
1812
0
Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев бүгін Мемлекеттік думада сөйлеген сөзінде әлем экономикасындағы тұрақсыздықтан Ресей экономикасы қатты қиындық тартып отырғанын мәлімдеді.
Ресейлік Премьер әлемдік экономикадағы проблемалар Ресей экономикасына да әсер етіп, оған дипломатиялық ахуал мен отандық кейбір құрылымдық мәселелер де қосылғанын айтты.
Медведев Ресей үкіметі халықаралық қауымдастықтың Мәскеу Қырымды аннексиялап алған соң енгізген санкцияларының әсерін азайтуға жұмыс істеп жатқанын жеткізді.
Ол санкциялар үкіметтің экономикалық жоспарларына айтарлықтай үлкен өзгерістер енгізбейтінін айтып, барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалатынына уәде берді.
Медведев бұған қоса Ресей өзге біреулердің қастық әрекеттерінің салдарынан қорғаныс саласының зардап шегуіне жол бермейтінін баяндады.
nur.kz