Бір-біріне "сүйдім-күйдім" деп қосылған жастар неге ажырасады?
2014 ж. 14 сәуір
3484
3
Соңғы уақытта дәм-тұзы жараспай, ажырасып жатқандар саны көптеп кездеседі. Тіпті ажырасу қалыпты жағдайға айналғандай.
Ал, өткен жылы қала бойынша 2722 жұп неке қиған, 752-і некесін бұзуға арыз берген.Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Ақтау қаласында жыл басталғалы – 518 жас шаңырақ көтерсе, оның 173-і ажырасқан. Әрине бұл жерде ажыраспағанмен, берекесі кетіп, үйінде ұрыс-керістен көз ашпай шаңырағы шайқалудың аржақ-бержағында жүргендердің санын қоспағандағысы тағы да бар.
Мамандар жыл өткен сайын әсіресе жастар арасында неке бұзу көбейіп бара жатқанын қынжыла айтады. Бұл туралы munara.kz хабарлап отыр.
Ажырасуға арыз беретіндердің басым көпшілігі өз шешімдерінің себебін мінездерінің сәйкеспейтіндігімен, тұрмыста ортақ тіл табыса алмайтындығымен түсіндіреді екен.
"Бүгін үйленіп, ай болмай ажырасуға арыз берушілердің жыл санап қатары көбейіп барады. Неліктен мұндай қадамға келдіңдер десек, мінезіміз жараспайды деген жаттанды жауапты айтылады. Біздің тілегіміз елімізде ажырасудың саны азайса, керісінше шаңырақ көтеретін жұптарымыздың қатары көбейсе екен. ",-дейді Әділет басқармасының басшысы Айша Елемесова.
Бір-біріне "сүйдім-күйдім" деп қосылған екі жастың көп уақыт өтер-өтпестен ақ некенің шырқын бұзып, ажырасуға дейін барып жатуы олардың өз мойындарындағы жауапкершілікті жете түсінбеуінен, шаңырақ көтеріп, оның барлық мәселелерін шешуге дайын еместігін көрсеткендей.
"Жастар көтерген шаңырақты щайқалтпау үшін ұлттық тәрбиеге, жүректегі иманға көп мән беруіміз керек. Қазақи тәрбиемен өскен, жүрегінде иманы бар жандардың бойында бір адамның көңілін табу, оған өмір бойы өз сүйіспеншілігің мен рақымыңды арнау керек деген ұғым болады. Ол сол ұғымнан алыстамайды", -дейді облыстық "Бекет Ата" мешітінің наиб имамы Ахледдин Асқар.
nur.kz