Министр Жанар Айтжановаға "не істеп жүрсіз?" деген сауал төтесінен қойылды

aytzhanova_0723Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге талпынып, келіссөздер жүргізе бастағанына көп болды. Алайда нақты нәтижеге қол жеткізіп, әлі де болса ұйым мүшелігіне өте алар емес. "Жас Қазақ" тілшісі Экономикалық интеграция министрі Жанар Айтжановаға не істеп жүрсіз деп төтесінен сұрады деп хабарлайды 31 арна. Жауап табуға талпынған министрдің 5 минуттай ақталуына тура келді. Айтуынша, ұйым аса ауқымды болған оған мүше әр мемлекеттің дипломаттарымен жеке жүздесіп, келіссөз жүргізуіне тура келді. Әрі әріптестердің қолын қойып мөрін бастыру тағы бар. Сонда Жанар Айтжанова жыл соңына дейін барлық "техникалық" тұрғыдағы келіссөздерді толық аяқтауға уәде берді. "Көптеген келіссөздер жүргізетін дипломаттар олар күнде мен келіссөзді былай жүргізіп жатырмын деп ақпаратқа енді шыға бермейді ғой. Өйткені көптеген келіссөздерді оған қол қойылғанша келісіп жатамыз. Барлық мемлекеттермен бір келісімге келуіміз керек. Сондықтан біз кей ақпаратты көпшілікпен талқыламаймыз", - деді Экомикалық интеграция істері жөніндегі министр.

31 арна