Көкпекті ауылында апаттан қайтыс болғандарды жерленді

a3e5f1186616e1746a136236fbdbd001Көкпекті ауылындағы апатты жағдайдан ауруханаға ауыр жағдайда келіп түскен тұрғынның жағдайы әлі нашар. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін қолдан келгеннің барлығын жасауда. Ал, қазір Көкпекті ауылында жарылған бөгетті қалпына келтіру жұмыстары мен жертөлеге толған суларды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Еріктілер мен әскерилер көмекке келіп, ауылдың әр жеріне су ағызған заттарды жинастыруда. Ал, апаттан қайтыс болған бес адамның денесі ертең жер қойнына табысталады. Керексіз болып қалған дүние-мүлік пен киім-кешектің ішіндегі Наталья үшін ең бағалы зат  - анасының соңғы түскен суреттері ғана. Отыз сегіз жыл отасқан жұбайымен ұлдарын үйлендірген тойдағы  Евдокияның жарқын бейнесі жақындарының жадында мәңгіге сақталмақ. Бүкіл ауылдың ойранын шығарған апатты жағдайдан қайғы жұтып, қара жамылған бес отбасының бірі Ромашенколар отбасы. Қатты ағыспен ауылға кірген су санаулы секундтарға кешіккенде, алпыс сегіз жастағы екі баланың анасы да аман қалар ма  еді. "Анам құжаттарды лақтырып, көлікке енді отырғалы жатқан. Бір кезде су келіп соққанда басы соғылды ғой деймін сумен бірге аға барды. Тек кеше түскі бірлер шамасында зират маңынан таптық", - қайтыс болған жанның қызы Наталья Ромашенко. Евдокияны тасқын су ағасына іліп әкеткен сәтті көлікке мініп үлгерген жұбайы көзімен көрген. Бірақ жәрдемдесуге мүмкіндігі болмапты. Әп-сәтте иығынан асқан судан машинаның есігін да аша алмай қалған. Ек сағат бойы мұздай судың ішінде отырған Виктор тек жарының арулап көмілуін қалайды. Ал өкпесі ісініп, жансақтау бөліміне жатқызылған тұрғынның жағдайы ауыр дейді ақ халаттылар. Ал қалған науқастардың денсаулықтары оңалған. "Қорадағы малынан, баспанасынан айырылған өзге де ағайын көп. Аман қалғандары шүкірлік айтады көбі. Көше мен ауылдағы су толық кеппесе де, батпаққа айналған бөлмелерден құжаттарын түгендеп жүр халық", -   дәрігер Ғалымбек Сайлауұлы. Үйлерінің қабырғалары сөгіліп, жертөлелері суға толған  көкпектіліктерге көмектесуге екі жүз әскерилер мен мешіт қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер келген. Қазір ауылдан өлген 500 мал шығарылып, жан-жаққа шашылған заттар жинастырылуда. Сондай-ақ, жергілікті билік өкілдері адамдарға келген шығын көлемін есептейтін комиссияның құрылғанын жеткізді. Комиссия тексергеннен кейін айыппұл төленеді. Апатты жағдайда қайтыс болған жандардың денелері кеше ақтық сапарға шығарылады.

31 арна