
Ақмола облысы Семфирополь ауылдық округының әкімі пара алу үстінде ұсталды, деп хабарлайды
Tengrinews.kz тілшісі қаржы полициясының облыстық департаментіне сілтеме жасап.
Ресми ақпаратқа сәйкес, әкім наурыздың 21-і күні әкімдік ғимаратында пара алу үстінде ұсталған болатын. "Бүгінде А. есімді азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 311-бабы, 2-тармағы - "пара алу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол ауылдық округ аумағында орналасқан ескі мал базасын бұзуға ауызша рұқсат бергені үшін К. есімді азаматтан 50 мың теңге көлемінде пара алған", - делінген ресми хабарламада.
Әкімді ұстау барысында ақша тәркіленді. Қылмыстық іс тергелуде.
tengrinews.kz