Американдық емізулі қызын қатты жылағаны үшін тоңазтқышқа қамап қойды

6
1222

25 жастағы американдық өзінің алты апталық қызын қатты жылай берген соң тоңазтқышқа қамап қойған. Осы қылығы үшін ол сотталды, деп хабарлайды Russia Today телеканалы.

Адам шошырлық бұл оқиға Вашингтон штатында болған. Тергеушілердің анықтауынша, емізулі қызының үнін өшіру үшін американдық оны ұрып, бір сағат бойы тоңазтқышқа қамап қойған. Осыдан кейін американдық асықпай барып қайтадан ұйқыға көшкен.

Қыздың анасы үйге келгенде күйеуі нәрестені тоңазтқыштан алып шыққанын және құтқару қызметін шақырғанын көрген. Оқиға болған жерге келген дәрігерлер «нәрестенің қолы мен аяғы сынған» деген диагноз қойған. Сондай-ақ, қыздың дене температурасы 29 градусты құраған. Осыған қарамастан нәресте аман қалған. Қатігездік қылмыс жасалғанын ескерген сот американдықты 16 жыл бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

tengrinews.kz

6 ПІКІРЛЕР

  1. не жетиспейди сол европалыктарга.жагдайлары жақсы турмыстары жаксы.озин сойтип холодильникка жауып камап тастау керек еди.сонда корер коретинин!

  2. Неше түрлі аюандар болады екен мына өмірде. Оқымайын деймін, маған да денсаулық керек, бірақ арасында оқи қоямын. Өзімді берік ұстауым керек, оқымауда. Мемлекетіміздің бодандыққа кетіп бара жатқаны басымнан аса жетеді…

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз