Сәбиді қоқысқа тастайды не киімге айырбастайды
2014 ж. 28 ақпан
2980
13
ОҚО Мақтарал ауданының екі тұрғыны сәбилерін сатып жіберген деп хабарлайды облыстық прокуратура мамандары.
Осылайша өзге жүкті әйелдерге шаранадағы балаларын сату туралы ұсыныс жасаған, екінші тарап келісімін берген. Баласын сатқан бойжеткендердің бірі ақы ретінде 250 мың теңге тұратын киім сатып алса, екіншісі ақшалай 150 мың теңгені қалтаға басқан.Қылмыс нәрестелердің туу туралы куәліктерін тексеру барысында анықталған. Белгілі болғандай, бала көтеруге денсаулығы мүмкіндік бермеген екі әйел оларды сатып алмақ болыпты.
Сәбилерді өз аттарына қиындықсыз ауыстыру үшін тапсырыс иелері болашақ аналарды Өзбекстанға апарып босандырған. Өз аттарына да сол елде жаздыртып алыпты.
Алайда, Қазақстанға келіп, құжаттарды рәсімдеу кезінде әйелдердің қылмысы әшкере болды. Қазіргі таңда қылмыстық іс қоғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
nur.kz