Жігіттердің намысы қайда?!

10
3201

«Астана» теларнасынан «Саған сенемін» атты теле шоуды көрген боларсыз, ағайын. Ел алдында Ақжолдай ағамызға нан илетіп, сәби жөргегін кигізіп қорлатқан шоу ұйымдастырушылары одан кейін де қазақтың атпалдай жігіттеріне масқара тапсырмалар беріп, әйелінің сенімін сол бір ойынға тіреп қорлаған еді. Ал кешегі сенбі күнгі нұсқасында тіптен масқара болды. Қазақтың арыстай жігіттерінің алтын бастарына әйелдің төменгі жағына киетін киімін (колготки) кигізіп, ұшына алма салып, оны басымен айналдырып, үстел үстіндегі қалбырларды ұрып құлаттыруға тапсырма берді.

Қып қызыл жігіттерміз жұбайы берге бағадан шығу үшін бастарына әйелдің колготкиін киіп, сайысқа түсті. Атам қазақтың «Басыңдағы бөркіңді шешіп, қатынның жаулығын тарт» деген ең қорлық сөзден де төмен түсіп кеткен бейшара ойын талабын орындап шықты. Онысымен қоймай кейбіреулері бастарынан шешпестен камера алдында сайрап отырды-ау.

Текті аталарымызды айтпағанның өзінде күні кешеге дейін ер азаматтарымыз әйелін көтеріп жүрсе де оның сөмкесін көтеріп жүрмейтін еді ғой. Қайран әжелеріміз ер азаматының бас киімін жоғары қойып, кебісінен аттамай, күпісін өзі жамылмаған еді. Ал әйел мүлкі мен киімін ер азаматтар басына кимек түгілі қолына ұстап көп алдына шықпап еді. Азаматтың басы тұрмақ аяғынан аттап кеткен әйел кешірім сұрайтын. Міне, біз сондай текті едік. Бас аяғы шамалы уақыт ішінде барлық құндылықтарымыздан айырылып, құрдымға кетіп барамыз.

Әйелдің лыпасын басына киген бүгінгі ерлерді көрген ұрпақ ертең не істемейді, қандай қорлықтарға бармайды. Қазірде ұлттық құндылық, адамдық қасиеттен қырын кетіп бара жатқан жайға налаңды айтсақ «Қызғанып отырсың» деп шыға келетіндер көп. Осы жолы мен шынымен де қызғанып отырмын. Яғни, мен қазақ арыстарының арын, намысын, бедел, биігін таптағысы келген әлгі шоудан ұлттық ізімді, тектілігімді қызғанып отырмын.

Басы төрге ғана лайықты қазақ жігіттері қатынның лыпасын басына кигені намысы бар азаматтың жанына тимей қоймас. Мүмкін менің түсінігім де дұрыс емес шығар, қазір жаңа заман ғой, алайда қазақ деген текті халық тектілігін аштықта да, жоқтықта да, соғыста да ұстап қалған еді. Ал сіз не дейсіз оқырман???

Сәкен АЛДАШБАЕВ, «Намыс» порталы

10 ПІКІРЛЕР

  1. бұл орыс саясаты қазақты іштен ірітіп шірітіп құрту .арақ пен темекіні өткен ғасырдаақ үйретті.енді неше түрлі шоу деп не түрлі масқаралықты үйретіп.гей клуб.әйелдерге секс үйрететін клуб деп кілең қазақ әйелдер барад екен сұмдық.орыстар ұйымдасқан түрде жабыла қазақты іштен іріту жұмысына білек түріп кіріскен.осыны сезбейтін қазақ саған не айтайын ..қайтейін…тіл білмейтін қазаққа айтқаның далаға үргенмен бірдей…

  2. бұл орыс саясаты қазақты іштен ірітіп шірітіп құрту .арақ пен темекіні өткен ғасырдаақ үйретті.енді неше түрлі шоу деп не түрлі масқаралықты үйретіп.гей клуб.әйелдерге секс үйрететін клуб деп кілең қазақ әйелдер барад екен сұмдық.орыстар ұйымдасқан түрде жабыла қазақты іштен іріту жұмысына білек түріп кіріскен.осыны сезбейтін қазақ саған не айтайын ..қайтейін…тіл білмейтін қазаққа айтқаның далаға үргенмен бірдей…

  3. бұл дегеніміз қазақты іштен іріту басталды деген сөз. жау осылай ірітіп шірітіп бір ақ күнде қоқысқа лақтыра салады

  4. Қазақ, ұсақтанып барамыз. Батыр қазақ басына дуылға киуші еді, кәзіргілер капрон, калготки киетін болды. Кәзір бедеулікте пайда болды. Голандия құсап голубойланып кетпесек болды.

  5. Кайран менін ата бабаларым ай ел жерин найзанын үшімен қорғаған .Украина сияқты ел басына кун туса барине бірдей топырак шашпайак қояйын бізді қорғайтындар аз ба деп қалдым

  6. Сәкеннің жылап жазып отырғаны өте орынды.жігіттер намыс қайда?әйелдерінен аса алмайтын ез еркексымақтардыңтірлігі бұл.ел алдында сайқымазақ болғанша өлгендерің артық еді ғой.Ақжолдың әйелі өзбек ол әйел айытқанын істетеді.Соныңда жүрмейтін жері жоқ екен.алпыстан асқанда қойсаңшы осындайды.

  7. Бәрі батыс елдерінде үйреншікті тірлікке айналып кеткен азғындыққа еліктеудің кесірінен туындап отырған нәрсе. Алдындағы көрерменін көтін ашып болса да күлдіруге дайын батыс телеарналарында жүргізілетін бағдарламалар кейіпкерлерінің азғындаған ықпалы.5-10 минут елдің күлкүсі үшін ам жалауға дайын, әйтеуір ел күлсе болғаны. Біздің есуастар да соларға еліктеп көтін ашуға бар.

  8. Шындығында, қазақтың ер жігіттері неге ұсақталып кетті? Осы шоуды ұйымдастырушылардың ішінде «өзімдей қазақтың ер-азаматын ұпай жинау мақсатында тым ұсақтап көрсетпейін» деген бір азамат болмағаны ма? Бұл шоуды ұйымдастырушылар ұлт мүддесін, тектілікті, ұлт намысын онша түсіне қоятын болмады ма екен, әлде… Түсінбедім көп жайды …

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз