Тәуелсіздіктің құрдасы жайлы кітап

данияр
АСТАНА. 22 ақпан. BAQ.KZ - Бір мұқабадағы екі кітап «Өмір сүру оңай ма…» – «Жизнь долга, если она полна» деп аталады. Тәуелсіздіктің құрдасы, небәрі 20 жасында тұлға болып толысқан, келешегінен үлкен үміт күттірген аса талантты, аса алғыр, түнгі боздақ жұлдыздай бозбала Данияр Сәбитұлы Досанов 21 жасында, үйлену тойы салтанатына санаулы минуттар қалғанда кенеттен қайтыс болды. Дулат Исабековтің сөзімен айтқанда, оның «Қыршын кетуі бар қазақты күңірентіп кетті». Әкенің баласы мен адамның баласы жайлы хакім Абайдың сөзі мен «Құйрықты жұлдыз секілді, туды да көп тұрмады. Көрген-білген өкінді, мін тағар жан болмады» деген жыр жолдарын ойға оралтқан, жас та болса ақылға бай дана, өмірі ғана емес, ажалы да азалы аңызға айналған, қысқа да болса қызулы өмір сүріп, асқан қайырымдылығымен артына ізгілікті із қалдырған ­Данияр Досанов жайлы ұжымдық кітапта оны жақсы білген Сұлтан ­Жиенбаев, Олжас Сүлейменов, Дулат Исабеков, Қазыбек Иса, Серік Тұрғынбеков (Қазақстан), Альберт Фишлер (Франция), ­Насыр Фазылов (Өзбекстан), ­Мархабай Ааматов, Нұрлан Қалыбеков (Қырғызстан) сынды тұлғалардың өмірдің өткіншілігі жайлы толымды ойлар толғаған естеліктері жарияланған. Ана тілі