Боксшы Бақыт Сәрсекбаев жүкті әйелімен ажырасты…

2
3983

baqyt sarsekbaaev

Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың қатысуымен болған тұрғын үй дауына байланысты жаңа мәліметтер пайда болды.

Қазақстандық боксшының әйелімен ажырасып кеткені белгілі болды. Бақыт Сәрсекбаев өзінің жаттықтырушысы Кәрім Махмудовқа қарсы сотқа арыз беріп, онда өзі сыйға тартқан пәтерді қайтарып беруді талап еткен еді.

Бұл баспананы 2008 жылы Сәрсекбаев жаттықтырушысына алғыс ретінде сыйға тартқан. Алайда пәтер кілті оған ауызша жасалған келісіммен, яғни, егер жаттықтырушы боксшыны Лондондағы Олимпиадаға команда құрамына енгізу керек деген шартпен берілген. Бірақ, боксшы ол кұраманың сапында болмай шықты.

Осы жағдай сотта Сәрсекбаевтың өз пәтерін қайтарып алу себебі ретінде көрсетілген. Сотта жеңілген Сәрсекбаев қолдау сұрап, депутат Қайырбек Сүлейменовтің қабылдауында болған. Осыған дейін «Время» газетінде жазылғандай, боксшы туған ағасы Бауыржанның пәтерін алып қойып, оны сатып жіберген.

Қазіргі уақытта, кейбір мәліметтер бойынша, боксшы «Сана» тұрғын үй кешенінде жаттықтырушысы Махмудовтың пәтерінде тұрып келеді екен. Сот отырысында жаттықтырушының мүддесін жақтаушы Жұмағалиеваның сұрауымен алынған әділет органдарының құжаттарынан Бақыт Сәрсекбаевтың өткен жылы күзде өзінің әйелімен ажырасып, кішкентай үш баласымен оларды «Абай» кешеніндегі бұрынғы пәтерінде қалдырғаны анықталды.

Жұмағалиева «сонымен бірге, неке және отбасы заңнамасында жүктілік кезінде некені бұзуға тыйым салынатынын» айтып, осы істің заңдылығын тексеруге шақырды. Қазір спортшының қызы және екі ұлы бар. Боксшының әйелінің қазір төртінші балаға жүкті екенін Сәрсекбаевтың туыстары айтты.

Источник: КазАкпарат

2 ПІКІРЛЕР

  1. Ер жігіт деген өз отбасының мәселесін шеше алмаса қиын ғой.Жаттыктырушысын ол ренжітіп ай енді халық қалаулысы бола алмайсын Бақыт

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз