Мұғалім оқушыларының алдында күйеуінен таяқ жеп, қайтыс болды

378353234387Шымкент тұрғыны мектепте мұғалім болып істейтін әйелін көптің көзінше пышақтап өлтірді. Қызғаншақ күйеу суық қаруын ала жүгіргенде үйде екі оқушы мен немерелері болған. Оқу ісінің үздігі, 26 жыл мектепте ұстаздық еткен Барно Исраилова қаңтардан бері омыртқасына ота жасалып үйінде жатқан. Сол күні 6-шы және 2-ші сыныптың оқушысы Дәурен мен Ділбара ұстаздарының жағдайын сұрап, үйіне келіпті. Қанды оқиға осы кезде болған.Бала-шағаның көз алдында жұбайын жер жастандырған соң, қаскөй полицейлерге өзі хабарлапты.Арада апта өтсе де мұғалімінің қансырап жатқанын көрген оқушының бірі есеңгіреп, мектепке келе алмай жүр, деп хабарлайды КТК арнасы. "Ері әмиянын жоғалтып қойған екен. 3-4 рет сұрады. Соны менен көріп тұрсың ба деп пышақ алып шықты. Бізді шығарып жіберді. Кейін пышақ сілтеп жатқанын естідік", - дейді оқиға куәгері Дәурен Досматов. Содан бері Дәурен де, Ділбара да есеңгіреп жүр. 7 жасар Ділбара тіпті сабаққа келуге қорқып қалыпты. Мектептегі өзге ұстаздар да Барно Исраилованың жоқ екеніне сене алмайды. 48-де марқұм болған ұстаз 26 жыл Хамза мектебінде бастауыш мұғалімі болған. Осы жылы жоғары санаттағы ұстаз атағын алу керек еді, дейді әріптестері. "Қаралы күн сол күні емес, әлі де қаралы күн десе болады. Оқушыларымыз әлі өзіне толық келген деп айта алмаймын. Сондай нені көрген кішкентай балалар", - дейді марқұмның әріптесі Флора Усманова. Ал, күйеуі Шафкат болса түзде мінезі жібектей болғанымен, үйде нағыз озбыр болған екен. Үлкен ұлы туыла сала бауыр еті баласына сезікпен қараған әке, содан бері үйінде әйеліне отырса опақ, тұрса сопақ қып келген. Ретсіз қызғанып, ұрып жығатын кездері де аз болмапты. Марқұмның қызы Севара Исраилованың айтуынша, марқұм анасы әкесінің алдында таза екенін айтып, сөз берген. Ол балалары үшін өмір сүріп келе жатқан әйелмін деп, қызының алдында солай сөйлеген. Сонда да күйеуі жұбайын пышақтап тастады. Туыстарының сөзінше, Шафкат әйеліне 20 рет пышақ салған. Үй іші қаннан көрінбей қалды дейді. Пышақ салған соң Шафкат өзінің туыстарына қоңырау шалып, болған жәйтті айтыпты. Соңынан полицияны өзі шақырған. Қазір, ол қамауға алынды. Ал артында қалған ұл мен екі қызы жауыз әкеге қатаң жаза беруін талап етіп отыр.

КТК телеарнасы