Мемлекетімізді «Қазақ елі» деп атау – тарихи заңдылық!

10
2241

 «Ақ жол» партиясы Орталық Кеңесі Президиумы Үндеуі

«Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына барған сапарында Қазақстан Республикасы атауын «Қазақ елі» деп өзгерту туралы өз ойын білдірді. «Біз мемлекетіміздің атын “Қазақ елі” деп өзгертуіміз керек шығар деп ойлаймын. Әрине, міндетті түрде халықпен ақылдасу керек. «Қазақ елі» деген атауға көшуіміз керек. Бұл – Мәңгілік ел болу деген ата-бабамыздың арманы. Көк тасқа жазып кеткен түрік бабаларымыздың арманы!– деген болатын Елбасы. Сонымен қатар Мемлекет басшысы еліміз бірлік пен толеранттылықты сақтай отырып, барлық мақсаттарға жететінін атап айтты.

Елбасының бұл өте маңызды ойы кейбіреулер айтқандай, аяқ астынан шыққан жоқ. Ел күткен атау 2012 жылы Тәуелсіздік мерекесіне орай жасалған Жолдауында жарияланған «Қазақстан Стратегиясы»-2050 бағдарламасында алғаш айтылған еді. «Біз, болашақта елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» – деген еді сонда Нұрсұлтан Назарбаев.

Еліміз үшін өте маңызды ой енді өрісін тауып, «Қазақ елі» деген атаумен ел талқысына түсіп отыр. Сонау бағзы замандағы көк түрік бабаларымыздың көк тасқа қашап қалдырған арманы «Мәңгілік ел» идеясын да Елбасымыз жақында Қазақстан Халқына жасаған биылғы Жолдауында жариялады. Енді мемлекет басшысының ел атауын «Қазақ елі» деп өзгерту туралы ұсынысын «Мәңгілік ел» идеясының жарқын қадамы ретінде бағалаймыз. Сондықтан да бұл ұсынысты тар жол-тайғақ кешуден өткен Тәуелсіз еліміздің шерлі шежіресін жақсы білетін озық ойлы азаматтардың бәрі, жалпы халықтың басым көпшілігі қолдауда. Бұл – Елбасы ұсынысының ұлттық негізділігі мен елдік маңыздылығын білдірсе керек.

Ұлттық идеясы мен арманы бүгінгі Тәуелсіз Қазақ мемлекеті болған Алашорда үкіметі де осыдан жүз жылдай бұрын: «Арғы атам ер түрік, Біз Қазақ еліміз» – деп ұрандаған болса, енді біз өз тізгінімізге өзіміз ие болғанда неге мемлекетімізді «Қазақ елі» деп атамауымыз керек? Ал «Алаш» партиясының бүгінгі ізбасары болып табылатын «Ақ жол» демократиялық партиясы да, барлық саяси партиялардың ішінде ең бірінші болып қабылдаған «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған жаңа Ұлттық саясат тұжырымдамасында» да «Қазақ Республикасы» деп атау керектігін атап көрсеткен болатын. Кешегі кеңес империясы кезінде де, ел атында «стан» жалғауы болған жоқ. «Қазақ Советтік Социалистік Республикасы» деп аталды. 1991 жылы «Советтік Социалистік» атауы тарихтан өшкенде «Қазақ Республикасы» болып қалуы керек еді… Кеткен қателікті жөндеу енді біздің еншімізде.

Әрине, қалыптасқанша «Қазақстан» атауы ауызекі түрде айтыла берсе, тиым салынбаc. Бірақ ресми түрде мемлекеттің атына сол мемлекеттің негізін құрайтын ұлттың атын қайтару – ата-бабаларымыздың әруағы алдында біздің қасиетті борышымыз және болашақ ұрпақтарымызға үлгі болмақ.

Бұндай мемлекет атын өзгерту әлемде талайдан орын алып келе жатқан жайт деуге болады. Жалпы ел кемелденіп, келешегін айқындаған сайын жаңарып, өзгеріп отыратыны табиғи да, тарихи да заңдылық. Бүгінге дейін әлемде 55 мемлекет атауын өзгерткені белгілі болып отыр.

Сонымен, сөздің түйіні – «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы Елбасының бастамасын қолдайды. Ал халық «Қазақ елі» мен «Қазақ Республикасы» атауының бірін таңдауы керек деп ойлаймыз.

Ел аты түзелгесін, оның халықаралық аренада тура жазылуына да баса назар аудару керек. Осы уақытқа дейін жазылып жүргендей, мемлекеттің атауы тікелей шет тілі – орыс тілінен – «Казахстан» деген сөзден аударылып- «Kazakhstan» емес, «Qazaq eli»» деп немесе «Republic of Qazaq » деп жазылуы керек. Өйткені қазақтың «Қ» әрпі ағылшын тіліне аударылғанда «Q» әрпімен жазылатыны анық.

Енді Елбасымыз ел көкейіндегі таңдауды тап басып, ұлттық мүдде тұрғысынан бастама көтеріп жатқанда, халқымыз құқықтық негізде нақты бір шешім жасауы керек деп білеміз.

«Ақ жол» партиясы көзқарастарының әртүрлілігіне қарамай, барлық саяси партиялар мен түрлі қоғамдық ұйымдарды, жалпы Қазақ елі халқын ұлттық мүддемізді ұлықтаған Елбасы бастамасын қолдауға шақырады.

«Ақ жол» партиясы ОК Президиумының Үндеуін қолдаушылар тізімі:

 Азат Перуашев, Қазыбек Иса, Ерлан Барлыбаев, Анарбек Орман, Сәбит Байдалы, Әбдіразақ Сұлтанов, Дүйсембинов Берік, Өтепбаев Болат, Тұрғынбекұлы Серік, Ибрагим Исаев, Кенжеғали Мыржықбай, Әбілдаев Азамат, Қадралиева Светлана, Тұртаев Алмас, Ерғалиев Талғат, Қазбекова Меруерт, Никитинская Екатерина, Әділхан Сұлтанбеков, Орынбек Сәрсенбин, Сапарбай ПарманқұлРахат Алтай, Әлімбаев Қабылтай, Қантарбаев Құдайберген, Сопбеков Амангелді, Омаров Жомарт, Толыбаев Әбутәліп, Жиенбекова Әсия, Тұрлыбек Қилыбек, Сапарбаев Марат, Әбілдаев Нұржан, Садықов Асқар, Нұрбаев Самат, Танатов Бақтығұл, Аизбаева Гүлжан, Жанабай Жандос, Бөлек Төлеген, Қуатов Ұ, Жанұзақов Қаршыға, Бекмағамбетов Қ, Сатенов Қ, Есмаханов А, Бөлек Д, Сейсенбаева Р, Хабибулина Сания, Төлегенов Мұсабек, Ділдәбаеков Қанат, Беркалиев Марат, Әбикенов Архат, Мерғалиев Серік, Медресов Ниетқабыл, Каримов Абдуманап, Ғабдуллин Әділбек, Сатмұхамбетов Өмірбек, Сисенбаев Қанат, Матаев Жанбырбай, Доспаев Жаңбырбай, Есенғалиев Қыдырқожа, Мырзаев Абдулла, Жұмсақов Ағзам, Жампиисов Купесбай, Момышев Болат, Конкашева Гүлмира, Құрманғалиев Талғат, Әбілхайыров З, Юсупов Ермекқали, Жұмағұлов Абай, Ерубаев Серік, Төлеуішов Ә, Үмітқалиев С., , Нұрлан Әбдібек, Сейілбек Асан, Айнұр Ахмет, Дастан Елдес, Сырымбек Төлеуұлы, Нүржан Асан, барлығы 75 адам қол қойған.

11 ақпан 2014 жыл

www.qazaquni.kz

 

 

 

10 ПІКІРЛЕР

  1. Меніңше мемлекет атауын өзгертудің қажеті жоқ. Кеңестік энциклопедиялық сөздіктен,»стан» сөзі: 1)Ресейдегі 14-16 ғ.ғ.әкімшілік аймақтың атауы.2) 2-3 станды қосып ояз (уезд) атаған. Менің ойымша, бұл атау Шыңғысхан заманына дөп келіп тұр, яғни түркілердің сөзі. Орысша – қаз.сөздіктен, «стан»: 1) мүсін, тұлға. 2) лагерь,қос.3) әкімшілік бөлім.4) станок,стан
    https://ru.wikipedia.org/wiki/аул. Тез жиналатын жылжымалы кигіз үйлерден жасалған бір руластардың тұрағын «стан» деп атаған, кейінірек ауыл деп аталған. Мусылмандық пайда болған тұста, мұсылман елдері өздерін ерекшелендіріп, мемлекет атына суффиксті (жұрнақты) қосыпты.»Стан» деген жұрнақ тек мұсылман елдерін де ғана бар.Атеист адамға,ислам дініне қарсы адамға «стан» жұрнағы ұнамауы мүмкін.Ресейге ұнамайды (Татарстан жөнінде).Башқұртстан,Дағыстан.

  2. Қазақ елі,,,, Егерде Қазақ Елі деп ауыстыратын болсақ , біз бұл жайлы ертерек,яңни тәуелсиздик алған кезден бастап ойлануымыз керек еді. Бір жағынан Қазақ Елі емес Қазақ деп ауыстырғанымыз жөн болар!!! Қазақ Елі мемлекеті,,,,Қазақ мемлекеті

  3. ЕГЕР «ҚАЗАҚ ЕЛІ» АТАУЫ «СТАН» МЕН БІРГЕ «РЕСПУБЛИКА» СӨЗІН ҚОЛДАНЫСТАН ЫҒЫСТЫРЫП ШЫҒАРАТЫН БОЛСА ОНДА ЕКІ ҚОЛЫМДЫ КӨТЕРІП ҚОЛДАЙМЫН.БІР ОҚПЕН ЕКІ ҚОЯНДЫ АТУ КЕРЕК.ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКА ДЕГЕН КІРМЕДЕН ҚҰТЫЛУЫМЫЗ КЕРЕК.

  4. Ұлт көшбасшысы,дара да дана тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы тағы да көрегендік танытты. Халықтың жүрегіндегі бабалар аманатын,арман мүддесін тап басты. Мың өліп,мың тірілген қазағымның арман-мүддесіне қанат бітті. Қолдаймыз, Қазақ елі-мәңгілік ел идеясының тамыры мен тұғыры.

  5. Еліміздің «Қазақ елі» деп атауы Тәуелсіздік алғаннан бері аталу қажет еді.Алайда, Елбасының бұл бастамасын халық қолдап жатыр. Деседе, Халықпен бірге,
    «Ақ жол» партиясы Орталық Кеңесі Президиумы Үндеуі өте дұрыс болды.Қазақ халқына «Қазақ елі» деп атау берілсе, Қазақтың басына қонған бақ құсы деп есептеймін.

  6. «ҚАЗАҚ ЕЛІ» АТАНУ – НАҒЫЗ ҚАЗАҚ БОЛУҒА БІР ҚАДАМ
    «Жоқ, жолдастар, мен Кеңес заманының адамым. ҚазақСТАНда қалғым келеді» дегендерге…
    «Көке-ау, «ҚАЗАҚ ЕЛІнде – Сіз де өзге де нағыз қазақ болады!!!»

  7. «Қазақ Республикасы» дұрыс қой деп ойлаймын.Егер көпшілік халық «Қазақ ел» деп таңдап жатса , оны да қолдаймын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз