Баланы бесікке бөлеудің пайдасы мен зияны
2014 ж. 10 ақпан
53757
68
"Төрінде бесік тұрса, төре де басын иеді" дейді біздің халық. Ал, Бауыржан Момышұлы "Бесігі жоқ елден қорқамын" дейтін. Дегенмен, бүгінде сәбиін бесікке бөлейтін отандастарымыз азайып барады.
Жастарымыз бесіктен заманауи тербеткішті артық көргені ме, әйтеуір бесік қолданыстан шығып барады. Оның үстіне дәрігерлер жас аналарды баланы бесікке бөлеу зиян деп үгіттейді. Кейбір мамандар керісінше, бесіктің медициналық тұрғыда пайдалы екенін айғақтайды. Сонымен қайсысы зиян, қайсысы пайдалы?
Астына Күміс әжейдің балаларының ұрпағы - 10 немересі 38 жылдан бері текемет төселген бесікке жатқан. Бесіктің басында үкісі, астында түбегі, баласына шүмегі де дайын. Қазақтың салт-дәстүрін киелі деп сақтаған ақ жаулықты ана қасиетті бесік балаға тазалық пен денсаулық сыйлайды дейді. Ал, оның қолданыстан шығып кетуі ата-бабамыздың аманатын ақтамағанымызбен тең деп өкініш білдірді.
Ал ақ халаттылар, жас аналарға бесікке бөлеген баланың денесі демалмайды, тіпті, бала денсаулығына қауіп төндіреді деп тұжырымдауда. Медицинаға жүгінсек, бесікке жатқан баланың қан айналымы дұрыс болмай, басы үлкейіп, аяғының ұршығы шығады екен.
№4 қалалық емхананың дені сау бала бөлімінің медбикесі Жанар Сабированың айтуынша, бұрынғы заманда бесік қазақ халқының көшуіне ыңғайлы болған. Ал қазір "Заман талабы басқаша...".
Бұрындары әжелеріміз бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, бойы жылы, тәні таза болады деуші еді. Талай батырлар мен ғалымдар бөленген тал бесігімізді әрбір қазақтың шаңырағында, төрінде тұр деп ауыз толтырып айта алмаймыз.
"Бесікті пайдаланбау нәтижесінде "бесікке бөлеу", "ана жыры", "тыштыма" секілді ұлттық салт-дәстүріміз де күн санап жоғалып барады.
31 арна