Ел атын өзгертуді талқыламай-ақ, парламент қабылдауы тиіс.

qazaq eli

Қазақ Елінің мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау обылысына барған кезекті ісспарында республика атауын «Қазақ Елі» немесе «Қазақ Республикасы» деп атаудың қажеттігі туралы игі бастама көтергені көңілімізге жылулық енгізгенін несіне жасырайын. Қазақ Елі өзінің тәуелсіздігін алған 23 жыл ішінде билік басындағылар Қазақ Ұлтын тек қорлаумен ғана шұғылданып келгені – тағы да жалған емемес. Орысқұл биліктің Қазақ Ұлтына соншалықты өшігуінің артында — қайтадан орекеңдерге құл болу идеясы тұрғанын біздің құрғыр ішіміз сезбейді емес, сезеді. Биліктің барлық салаларының бір адамның қолына шоғырланғанының бір жақсылығы — егер Елбасы осы ұлық идеясын жүзеге асырса, онда Қазақ тарихына оның есімі мәңгіге қашалып жазылар еді. Және де ол кісінің 23 жыл ішінде Қазақ Ұлтына жасаған бір жақсылығы болар еді. Қазақ ұлтына олар жасаған толып жатқан қиянаттардың бір қайтарымы да – осы игі қадам екенін біз де жақсы білеміз. Бұл кісі және оның толып жатқан орысқұл шенеуніктері ашық түрде Қазақтан кешірім сұраса, Нұр үстіне Нұр болары даусыз! Ұлтымызға екінші сорт ұлт ретінде ғана қарап, танауларын көкке көтере шүйіріп жүргендердің де тауы шағылып, амалсыз бір саты болса да төмен түсер еді. «Қазақ Елі» де, «Қазақ Республикасы» да — Қазақтың маңдайына тар келмес деп ойлаймын, өз басым. Мемлекет басшысының бұл идеясын жалпыхалықтық талқылауға салудың еш қажеттігі жоқ. Мына парламент дауысқа салып, қабылдап, мемлекет басшысы бекітсе де жеткілікті дер едім. Ана «бүйректен сирақ шығаруға» әзір келімсектердің аузына сөйтіп, құм құйылар еді. Оларды 70 жыл және соңғы 23 жыл басымызға шығарып келгеніміздің өзі — оларға жасалған аз жақсылық па?.. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ілі-шала жаңадан жасақталған жаңа парламенттің республика атауын өзгерту туралы жиынында — еліміздің «Қазақстан Республикасы» болып аталуына бар күшін салып, жанталасқан  Мұрат Әуезов енді қайтер екен?.. Жұмаш КӨКБӨРІ