Туған балаларын сатқан ана

2
1376

Оңтүстік Қазақстанның Сарыағаш ауданында екі әйел 4 баланы 1,5 млн теңгеге сатқан. ОҚО ІІД полицейлері бала саудалаған екі әйел де тұтқындалғанын мәлімдеді.

Әйелдердің бірі ауылдық амбулаторияда медбике болып істеген, екіншісі – балалардың анасы екені белгілі болды.

Медбике аудандағы балалары жоқ отбасылардың ішінен сатып алушыларды тауып берген. Балаларды Сарыағаш ауданының әр ауылдарына сатып жіберген.

27 жасар ана тергеушілерге балаларын асырай алмағандықтан, ауқатты отбасыларға беріп, олардың жағдайын жақсартпақшы болғандығын айтқан.

Әйелдің айтуынша, ол қазір алты айлық балаға жүкті екен. Соған қармастан, көпбалалы анаға және медбикеге қатысты адам сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер «баланы сатып алғандар да жауапкершілікке тартылады» деп отыр.

Қазіргі уақытта үлкен қызы 7 жасар Калипа туған әкесінің үйінде, олар 2011 жылы ажырасып кеткен екен. Тағы бір баланың қайда екені табылды. Ал қалған екі бала әлі іздестіріліп жатыр.

Қазақпарат

2 ПІКІРЛЕР

  1. Төрт баласын сатқан анадан не күтуге болады. Бесіншісіне екіқабат екен. Бала сату үшін туып жүр ау деймін. Өзі туғыш екен. Туғышымен қатар сатқыш та, тудыратын адамды тапқыш та екен.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз