Депутаттар дөкей шенеуніктің ұлын қатал жазалауды талап етті
2014 ж. 30 қаңтар
2666
3

Алайда, мәселені келісіммен шешу елде әбден жолға қойылған. Мәселен, теміртаулық прокурор көлігімен адам қағып өлтірсе де, жауапкершілікке тартылған жоқ. Өйткені жәбірленушілермен татуласқан.
Осылайша жазадан құтылуды Астанадағы аудандық прокурордың көмекшісі де, ойлап жүр. Мақсат Шыңғысов Елорданың қақ ортасында зейнеткерді қағып өлтіріп оқиға орнынан қашып кеткен. Енді марқұмның туыстарын жағалап "бітімге келейік" деп жүр екен. "Келісімге келейік деп қай бетімен сұрайды. Ол 24 жаста, ол 70-тегі кісі. "Көрмей қалдым, білмей қалдым" демейді, мен қорықтым дейді. Енді өзінің жасағанына сот арқылы жауап берсін. Біз татуласа алмаймыз. Біз адамды ақшаға сата алмаймыз", - дейді марқұмның апасы Бақыт Күзенбекова. Ал қылмыстық кодекстен "келісімге келу" деген талап мүлдем алынбайды. Оны қолдану үшін істе адам өлімі болмау қажет. "Тараптардың келісімге келуі үшін, біріншіден шығын толық өтелуі қажет. Екіншіден оған жәбірленушінің рұқсаты керек. Өзара татуласса, айыпталушы бостандыққа шығады. Ортақ тіл табыса алмаса, әрине, түрмеге тоғытылады", - деді Заң жобасын таныстырған Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоганн Меркель. Бас прокурордың орынбасарымен ұзақ дауласқан депутаттар соңында жаңа қылмыстық кодексті бірауыздан бекітіп берді. Әйтсе де, алда екінші оқылым бар. Мәжілісмендер, апат орнынан қашып, зардап шегушіні қансыраған күйінде далаға тастап кететін жүргізушілерге де, жазаны күшейтпек ойда. Енді осы қатал талапты құжатқа қалайда "енгіземіз" деп білек сыбанып отыр.КТК арнасы