Миллиардер қызына үйленген күйеужігітке көп қаржы бермек
2014 ж. 29 қаңтар
2059
0


Алайда Қуандық қалыңдық арқылы әкесінің қазынасына қол салудан аулақ екенін айтады.
"Мен оны сатып алғым келмейді. Өзім де сатылмаймын. Жұбымыз жараспай қалса, тағдырдың жазғаны болар. Ал ақша көздеген алаяқты басқа жерден іздеңіздер", - деп мәлім етті тілшілерге бизнесмен. Алайда әкесінің компаниясында атқарушы директор қызметіндегі Гиги Чао жігіттердің сұлтанына да сүйсініп қарайтын емес. Қосымша түрде кедейлерге көмек көрсетуші қайырымдылық қорын басқаратын әрі ЛГБТ қозғалысының белсендісі болып табылатын ол тоғыз жыл бойы бір шаңырақ астында тұрып жатқан сүйіктісі Шон Ивті (әйел адам) ешбір жігітке ауыстырар емес. Ал күйеу бала іздеп әбігерге түсіп жатқан әкесіне Гиги өкпелемейді және болашақта ол қызының таңдаған өмір салтына көндігеді деген сенімде. Бірақ күйеу бала іздеу науқаны 2014 жылдың басында тағы қызды. Қарт әке айтқанынан қайтпай, екі жылда күйеу баласына ұсынатын сыйкәдені екі еселеп отыр. Енді ол қызының қолын сұраған жігітке бұрынғыдай 500 млн емес, 1 млрд гонконг долларын ұсынуда, ол дегеніңіз 130 млн АҚШ долларына тең. Сесилдің айтуынша, қызы өзін жалғыз сезінеді, сондықтан ер азаматтың жан жылуына зәру әрі бала туып, ана атануы тиіс.bnews.kz