Лейкемияның емі табылды

1
1689

Дәрігерлер лейкемияға душар болған адамдарға аурудан жазылудың жаңа әдістерін қолдана бастады.

Зерттеуші ғалымдар екі препаратты будандастыру арқылы ақ қанмен күресетін жаңа дәрінің түрін ұсынып отыр. Күніне екі мәрте қабылданатын дәрмек лейкемияға шалдыққандардың өмірін сақтап қалуға үлкен сеп бермек, деп хабарлайды Medical News Today басылымы Вейлл Корнелл медициналық колледжінің зерттеулеріне сілтеме жасап.

Мамандардың зерттеу жұмыстары созылмалы лимфолейкозға арналып отыр. Бұл дерт кезінде жілік майы қанға ақ қан түйіршіктерін – лейкоциттерді көп шөлшерде жібере бастайды. Соған байланысты, лимфоциттердің негізгі функциясы бұзылып, олар ағзадағы инфекциямен күресе алмайтын жағдайға жетеді. Аномалияға ұшыраған лейкоциттердің салдарынан тромбоциттер мен эритроцидтер ығыстырыла бастайды. Нәтижесінде адамда анемия пайда болып, қан кету жиілейді.
Әдетте онымен химиотерапия арқылы күреседі. Алайда оның зияны да ұшан-теңіз.
Қазіргі уақытта ғалымдардың ұсынып отырған дәрінің жаңа түрі адам денсаулығына зиян келтірмейтін көрінеді. Оны дәрігерлер 220 адамға сынақ жүргізіп көрді. Талдау көрсеткеніндей, 6 айдың ішінде аталмыш пациенттердің 93 пайызында дерттің одан әрі дамуы тоқтаған. Бір жылдан кейін де лейкемиясы бар адамдардың 92 пайызы тірі қалған. Тіпті ауруы химиотерапияға да көнбейтін емделушілердің өзі аталмыш дәріден сауыға бастаған.
Сондықтан зерттеу тоқтатылып, дәрі-дәрмек тез арада қолданысқа енгізілді.

Қазақпарат

 

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз