Қызметкердің пара алып ұсталатын жағдайы елімізде күн сайын орын алады

наручники1Қаржы полициясының қызметкерлері кәсіпкерлерден пара бопсалаған еңбек инспекциясының бірнеше басшысын қолға түсірді.

2014 жылғы 22 қаңтарда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері құрылыс монтаждық жұмыстарды жүзеге асыру барысында «Хайвилл» компаниясының нысанында болған жазатайым оқиғаға байланысты тексерудің қорытындысы бойынша дұрыс шешім қабылдау үшін кәсіпорындардың бірінің өкілінен 150 мың теңге көлемінде пара алған Астана қаласы бойынша еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары - Астана қаласы бойынша бас еңбек мемлекеттік инспекторы Медетбековты ұстады. Қазіргі уақытта оған қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық ісі қозғалып, 24 қаңтар күні Медетбеков сот санкциясымен қамауға алынды. Бірнеше басшы қатысқан осындай пара алудың ұқсас нобайы бойынша Қарағанды облысы бойынша еңбек инспекциясында анықталды. Мәселен, 23 қаңтарда Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысы еңбек инспекциясының басшысы М. Қаракекілевті, оның орынбасары А. Мақатовты және Еңбек инспекциясының Қарағанды  облысы Жезқазған бөлімінің басшысы  С, Әуезовті ұстады. Олар 2013 жылдың қаңтар айының ортасында «Казақмыс корпорация» ЖШС  жұмыскеріне байланысты болған жазатайым оқиғаға жұмыс берушінің кінәлі деген қорытынды шешім шығару үшін 2 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған деп айыпталуда. 23 қаңтар күні аталған лауазымды азаматтарға қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 25 қаңтарда М. Қаракекілев және С. Әуезов сот санкциясымен қамауға алынды. Қылмыстық істер тергелуде, нәтижесі жұртшылыққа жеткізілетін болады, деп хабарлады Қаржы полициясының баспасөз қызметінен. Осындай жағдайлар елімізде күн сайын орын алады. Кешегі лауазымды қызметкер бүгін түрмеде отыр. Обал-ақ!

Қазақпарат