Президент Жолдауының орындалуына министрліктер есеп беруі қажет

Azat brifingte Азат Перуашев: Фармацевтика саласындағы жағдай секілді сәтсіздіктерді болдырмау үшін Президент жолдауының орындалуына  министрліктердің көпшілік алдындағы есеп беруін енгізу қажет Фармацевтика саласындағы жағдай секілді сәтсіздіктерді болдырмау үшін Президент жолдауының орындалуына министрліктердің көпшілік алдындағы есеп беруін енгізу қажет - деп мәлімдеді Азат Перуашев 22 қаңтарда өткен Орталық Коммуникациялар Қызметінің брифингі барысында. Жыл сайынғы Президенттің жолдауының нақты тармақтарынның орындалуы ұрандар мен шақыруларға қарағанда әлдеқайда маңызды. Дегенмен, А.Перуашев сәтсіздіктердің дәл осында орын алғанына көңіл аударып, мысал ретінде 2008 жылғы жолдауды келтірді. Президент 2014 жылға қарай, яғни, бүгінгі күнге - «отандық өндірістің есебінен ішкі тұтынудың 50 пайыздан астамын емдік дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді» тапсырған. Бұл тапсырманы орындау үшін 2010 жылы Үкіметпен фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөнінде Бағдарлама бекітілген. Аталған бағдарламаны орындаудың негізгі құралдарының бірі дәрілік жабдықтарды жеткізу бойынша отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттарға отыру болып табылады. Бұл шара жаңа стратегиялық инвесторларды - 4 ірі қазақстандық кәсіпорындарды тартты. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасы бойынша бұл қаулыға 16 рет түзетулер енгізілген, олар біртіндеп бағдарламаның мазмұнын, маңызын төмендетіп жіберген және «СК-Фармация» ЖШС-іне ұзақ мерзімге жасалып қойған шарттарды біржақты тәртіппен үзуге немесе өзгерістер енгізуге құқық берген. Бұл мәселе бойынша «Ақ жол» партиясының Парламенттік фракциясы Үкіметке екі рет депутаттық сауалдар жолдағанын, онда фармацевтикалық салаларға инвестицияларды қорғауға қам істеудің қажеттілігі тікелей көрсетілгенін еске салды А.Перуашев. «2013 жылдың наурыз айында түскен Премьер-министрдің жауабында денсаулық сақтау министрлігінің бастамашылдығымен жасалған өзгерістердің кері күші жоқ деп нақты айтылған. Бірақ 2013 жылдың сәуірінде бес фармацевтикалық зауыттармен жасалған шарттарды жарамсыз деп тану туралы «СК-Фармация» ЖШС-нің қатысуымен сот процесі басталды, - деді партия көшбасшысы. - Тек 2013 жылдың 9 желтоқсанында Астана қаласының Аппеляциялық сот коллегиясы сала инвестицияларын қолдау үшін отандық өнімдерді сатып алу бойынша ұзақ мерзімді шарттарды заңды деп таныды». Инвестициялық келісімшарттардың шарттарын заңсыз қайта қараудың нәтижесінде Денсаулық сақтау министрлігінің бірыңғай дистрибьютерін сатып алуларда отандық медикаментері мен өнімдерінің үлесі 30 пайыздан астам кеміп кетті. Ал отандық препараттарды жалпы тұтыну 2014 жылға қарай президент тапсырған 50 пайыздан астам көрсеткіштің орнына небәрі 37 пайызды құрады. Басқаша айтқанда, 2008 жылдың жолдауындағы бұл тармақ іске аспаған», - деп атап өтті А.Перуашев. «Қарапайым халықтың өмірін жақсартатын, қоғам мен экономикаға  қажетті тағы қаншама Мемлекет басшысының тапсырмалары орындалмай қалды?», - деп сұрады депутат. «Ақ жол» партиясы Президенттің бастамашылдық жасаған бағдарламаның сәтсіздікке ұшырағаны үшін шенеуніктерден принципті түрде сұрау қажет деп санайды. Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі,  24 қаңтар  2014 жыл,  www.qazaquni.kz