ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОРЛАҒАН КОРОБЕЙНИКОВАНЫҢ АРТЫНАН АҚ ҚҰЙЫП ШЫҒАРЫП САЛУ КЕРЕК.

korobeinikova Қазақ тілінде сөйлегені үшін, орыс тілін білмегені үшін “Астана – Опера” театрының хор әншісі Ербол Нариманұлын репетициядан қуып шығып, қудалаған хор жетекшісі Е.Г.Коробейникованың артынан ақ құйып шығарып салу керек. Қазақтар үйге кіріп кеткен нені үйден шығарғанда солай ететінін жақсы білетін шығарсыздар… Менің мемлекеттік тіліме қарсы шыққан қазағы болсын, орысы болсын, қай ұлт өкілі болса да, олардың барлығын бұдан былай солай ету керек. Мемлекеттік тілге қарсы шыққандардың бәрін бізден басқа өздерін сыйлайтын барлық елде солай етеді! Бізде орысша білмейтін қазақтар мен өзге ұлт өкілдері басқаратын көп мекемелерде осылай мемлекеттік тіл қысымға ұшырап жатқаны баспасөзде үнемі жазылып келеді. Сонда біздің Елбасымыздың "Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі" деген, "2025 жылы мемлекеттік тілде сөйлейтіндер 95 пайызға жетеді" -дегендері қайда қалады?  Бұл, яғни, мемлекеттік тілге қарсылық - мемлекет саясатына қарсылық болып табылады. Намыстарын таптатпаған “Астана – Опера” театры ұжымы мен директоры, әйгілі композитор,  рухы мықты қайраткер Төлеген Мұхамеджанов мырзаға мың алғыс. Қазыбек ИСА www.qazaquni.kz Қараңыз:  “Қазақ тіліне қарсы шыққан Коробейникова жұмыстан кетті”     http://www.qazaquni.kz/20927.html