Рахат Әлиевтің тағы бір қылмысы

1
1195

Осы жылы Рахат Әлиевтің үстінен оның бұрынғы өзінің қарамағында істеген «қаржыгерлерді» өлтіріп, алаяқтық жолмен қомақты қаржыны «жегені» үшін қылмыстық іс қозғалады. Бұл туралы австралиялық «Wiener Zeitung» басылымы жазды. Олар марқұм болған «Нұрбанктің» бұрынғы қызметкерлері әйелдерінің қорғаушысы Габриэл Ланскиға сілтеме жасапты. Банк қызметкерлерін өлтіруге тапсырыс берген – Рахат Әлиев. Арнайы тексерулерден кейін Рахат Әлиев өзінің кінәсіздігін мойындату мақсатында қолдан құжаттар жасағаны белгілі болды. Аталған іске қатысты қол қойылған хаттамалар мен өзге құжаттардың бәрі Әлиев қолымен жасалған жалған құжаттар.

АҚШ-та жүргізілген медициналық, қылмыстық экспертиза нәтижесінде Рахат Әлиев сол тұста Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болған Асхат Дауылбаевтың да қолтаңбасын қолдан жасағанын анықтады.

Австрияға барып қоныс тепкен Президенттің бұрынғы күйеубаласы соңғы жылдары қылмыстық тексерудің астында.

qazaquni.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз