Қызылорда облысында шенді пара алып, ұсталды

наручники12013 жылғы 16 қаңтарда өткізілген арнайы жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті облыстық Монополияға қарсы инспекциясының бастығы А.Аймырзаевқа қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады,

деп хабарлады ведомстводан Оған 2014 жылғы 15 және 16 қаңтар күні «Қызылорда тазалығы» ЖШС директорынан мемлекеттік сатып алу бойынша келісім-шарттың мерзімін ұзартуды келісу үшін 2 мың АҚШ доллары және 295 мың теңге көлемінде пара алды деген айып тағылуда. «18 қаңтарда сот Аймырзаевты үй қамаққа алуды санкциялады. Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды»,-  делінген хабарламада.

Қазақпарат