Қағазбастылықтан құтылу мәселесін Елбасы да көтерді

20140117121049Біз әкімшілік реформаны жүргізудеміз. Бұл қажет емес қағазбастылық пен құжат айналымның қолайсыз үдерісіне айналмауы тиіс. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлім етті. «Біз әкімшілік реформаны жүргізудеміз. Бұл қажет емес қағазбастылық пен құжат айналымның қолайсыз үдерісіне айналмауы тиіс. Бүгінде әкім жұмысын бағалау миллиондаған құжатқа айналды. Мен Білім және ғылым мен Денсаулық сақтау министрліктерінде қанша құжат айналымы болып жатқандығы туралы айтқан болатынмын. Осы мәселені қараңдар да, бұл қағаздың барлығын жойыңдар. Осы қағаздардың ар жағында кабинеттерді иеленіп отырған адамдар отыр. Үкімет аппараты Президент аппаратымен бірге осы бағытта жұмыс істеуі қажет», - деді Президент. Сонымен қатар Елбасы дергілікті жерлердегі басқару органдарына дербестікті көбірек беру керектігін атап өтті. Сөз соңында Мемлекет басшысы Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірге биылғы 1 шілдеге дейін аталған мәселелер бойынша ұсыныстар кешенін ұсынуды жүктеді.

Қазақпарат