Елбасы: Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды

20140117121049«Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді», - деп мәлімдеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнап кезекті Жолдауын жариялау кезінде. Бұл туралы Ақорданың твиттердегі парақшасында жазылды. Қазақстандықтар ең ұзақ өмір сүретін елдердің қатарына қосылатын болады. Бүгін Президент Н. Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы барысында осылай мәлімдеді.

Мемлекет басшысының пайымынша, урбанизацияның жаһандық үдерісіне орай қалалық тұрғындар үлесі бүгінгі 55 пайыздан 75 пайызға дейін жетуі болжанады. Қалалар мен елді мекендерді сапалы жолдар, көліктің барлық жүрдек түрлері қосып жататын болады.

«Ал салауатты өмір салтын ұстану мен денсаулық сақтау саласын дамыту қазақстандықтардың өмір сүру жасын сексен жастан да асыруды қамтамасыз ететін болады. Қазақстан медициналық туризмнің ең жетекші Еуразиялық орталығының біріне айналады. Алдыңғы қатарлы ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыру аяқталады. Біздің еліміз әлем елдері арасында тұрғындары үшін ең қауіпсіз, ең жайлы ел болады. Бейбітшілік пен әділеттілік, тұрақты даму, әділ сот төрелігі, тиімді құқықтық қамтамасыз ету - бұлар дамыған елдердің негізі», деді Н. Назарбаев.

Қазақпарат