Елбасы: «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қазақстандықтардың өмірін жақсарта түсетін нақты істердің бағдарламасы

nazarbaev_2206Бүгінде ұзақмерзімді жоспарлармен көптеген табысты мемлекеттер жұмыс істеуде. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. «Қазақстандықтар өз елі болашағының тұтқасын мығым ұстауы үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдадық. Бүгінде ұзақмерзімді жоспарлармен көптеген табысты мемлекеттер жұмыс істеуде. Мәселен Қытай, Малайзия, Түркия және басқа да елдер бар. Жиырма бірінші ғасырда стратегиялық жоспарлау нөмірі бірінші ереже болып табылады», - деді Мемлекет басшысы. Осы орайда Президент «Қазақстан-2050» Стратегиясы жол сілтейтін шамшырақ ретінде еліміздің негізгі мақсаттарын жоғалтпай, адамдардың күнделікті өмірінің проблемаларын шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл тұрғыда жыл сайын ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға ықпал жасайтындығын жеткізді. «Стратегия - ол күннен күнге, жылдан жылға еліміз бен қазақстандықтардың өмірін жақсарта түсетін нақты тәжірибе жүзіндегі істердің бағдарламасы»,- деді Н. Назарбаев.

Қазақпарат