Елбасы: «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қазақстандықтардың өмірін жақсарта түсетін нақты істердің бағдарламасы

0
1201

Бүгінде ұзақмерзімді жоспарлармен көптеген табысты мемлекеттер жұмыс істеуде. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Қазақстандықтар өз елі болашағының тұтқасын мығым ұстауы үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдадық. Бүгінде ұзақмерзімді жоспарлармен көптеген табысты мемлекеттер жұмыс істеуде. Мәселен Қытай, Малайзия, Түркия және басқа да елдер бар. Жиырма бірінші ғасырда стратегиялық жоспарлау нөмірі бірінші ереже болып табылады», – деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент «Қазақстан-2050» Стратегиясы жол сілтейтін шамшырақ ретінде еліміздің негізгі мақсаттарын жоғалтпай, адамдардың күнделікті өмірінің проблемаларын шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл тұрғыда жыл сайын ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға ықпал жасайтындығын жеткізді.

«Стратегия – ол күннен күнге, жылдан жылға еліміз бен қазақстандықтардың өмірін жақсарта түсетін нақты тәжірибе жүзіндегі істердің бағдарламасы»,- деді Н. Назарбаев.

Қазақпарат

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз