Бүгін Елбасының халыққа кезекті жолдауы

20140117120511Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнап кезекті Жолдауын жариялауда.

ҚР Конституциясы қағидаттарына сәйкес, Мемлекет басшысы елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына байланысты жыл сайын Қазақстан халқына жолдау арнайды. Жолдауға ҚР Парламенті палаталарының депутаттары, ҚР Конституциялық Кеңес мүшелері, ҚР Жоғарғы Сотының басшысы мен судьялары, Үкіметі мүшелері, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орган өкілдері, қоғамдық саяси ұйым басшылары, ұлттық компаниялар басшылары және тағы басқа да шақырылған лауазым иелері қатысады. Тоқтала кететін жайт, биылғы Жолдау "Қазақстан 2050 стратегиясын жүзеге асырудың негізгі бағыттарына арналады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, елдің негізгі бағыттары айқындалған бұған дейінгі Елбасы Жолдауы 2012 жылдың 14 желтоқсанында жарияланды. ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыстың барысында жарияланған Жолдау «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталған болатын.

«Қазақстан-2050» - елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан.

Бұл туралы Ақорданың твиттердегі парақшасында жазылды. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдары ел тарихына нық қадам басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына жыл сайынғы, дәстүрлі Жолдауын арнаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. Осыдан 1 жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еткендігін атап өткен Мемлекет басшысы: «Соның ішіндегі ең басты мақсат - елімізді дамыған 30 елдің арасына енгізу. Ол мәңгілік Қазақстан жобасы. Ел тарихына нық қадам басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті болып табылады»,- деді. Сондай-ақ Қазақстан Президенті еліміз 22 жылдың ішінде қыруар іс тындырғанын баса айтты. «Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандастарымыздың жүрегінде еліне деген шексіз мақтаныш сезімін ояттық. Қазақстандықтар ертеңіне, елдің болашағына сеніммен қарайтын болды», - деді Н.Назарбаев.

ҚазАқпарат