Әблязовтың өз-өзін ұстауы "қылмыскер" екенін дәлелдейтіндей

pic_b924eb129a558e5efc4c2778bdc9648cQuartz басылымында атышулы “Қазақгейт” iсiн жазған журналист Стив Ливайнның “Егер сен экстрадициядан құтылуға тырысып жүрген қашқындағы банкир болсаң, мына жiгiт тәрiздi әрекет етпе” атты мақаласы жарық көрдi. Жур­налистiң “мына жiгiт” деп меңзеп отырғаны – М.Әблязов.
Бұл мақалада С.Ливайн көп жылдан берi Лондонда тұрып жатқан Қазақстанның бұрынғы үкiмет жетекшiсi Әкежан Қа­жыгелдиндi сөйлетедi. Журналист Мұхтар Әблязов нелiктен Лондонда Әкежан Қажыгелдин тәрiздi бейқам өмiр сүрмедi деген сұраққа жауап iздейдi.
“Қазақстанның бұрынғы энергетика министрiнiң сот қудалауы мен түрмеден сытылып кету мүмкiндiгi ендi өте аз. Бiрақ оның туған елiнен шыққан ең танымал саяси эмигранттың сөзiнше, Әблязовке бас бостандығынан айырылу қаупi төнгенiнiң басты себебi – банктiң директорлар кеңесiнiң төрағасы болғаны емес. Басты себеп – қуғындағы кейбiр диссиденттер басқарылатын жазылмаған ережелерге бағынудан бас тартқаны.
Ұлыбританиядан баспана сұраған Әблязов Батысқа мұнайлы елдерден бас сауғалап келген бай-бақуатты адамдар үшiн мiндеттi шартты сақтауы керек едi”, – дейдi журналист.
Осыған қатысты Quartz басылымына сұхбат берген Ә.Қажыгелдин былай дейдi: “Мұхтардың басты проблемасына айналған нәрсе – оның Қазақстандағы iсi емес, Ұлыбританияда жасаған әрекетi”.
Ә.Қажыгелдиннiң айтуынша, 2009 жылы Мұхтар Әблязовтiң басында ию-қию жағдай басталғанда, ол Әблязовке Ұлыбританияда қашқын болудың ең басты шарты – бұл елге адал, таза болып келу екенiн ескерткен. “Өзiңнiң адал бизнесмен екенiңдi дәлелдеуiң қажет. Сонда Қазақстан билiгi қудалауды қояды, Ұлыбританияның сот жүйесiн өзiне қорған қыла алатын едiң” деп ақыл айтқан.
Мақала авторы Әблязов осылай жасаудың орнына “БТА банкiнiң” бастапқы сот шабуылдарына қарымта жауап қайтарып, Назарбаев пен оның отбасына қарсы сын жаудырды, саяси шабуылға шықты.
Тiлшi Ұлыбритания сотын сыйламағаны үшiн Әблязов 22 айға қамау жазасына кесiлгенiн, бiрақ экс-банкирдiң бұл шешiмнен кейiн үнемi қашқында жүргенiн жазады. “Оның төлқұжаты Лондон сотына өткiзiлгенiне қарамастан, оның тағы бiр дипломатиялық төлқұжаты бар болып шықты. Оны “Марат Аян” ретiнде куәландыратын құжатты Орталық Африка Республикасы берген”. Қажыгелдин Әблязовтiң басты қателiгi осы болғанын айтады. “Өкiнiшке қарай, ол өзiн қылмыскер тәрiздi ұстады”.
"Жас Алаш"