Бүгін пара алған тағы бір шенді ұсталды

ce541384a5abd5c80c95ae1ee74Атырауда пара алғаны үшін ҚР ТЖМ Батыс аэромобильді жедел-құтқару жасағының басшысы ұсталды.

Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінен хабарлағандай, батыстың төрт аймағында құтқару жұмыстарымен айналысатын отряд басшысы 30 мың теңгеден екі бірдей пара алу кезінде қолға түскен. Ақшаны ол қызметте қамқорлық жасағаны үшін алған.

«Сол күні Амантай Ербозовқа қатысты ҚР ҚК 311-бабының 1-4 тармақтарының «г» тармағы бойынша пара алғаны үшін қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады қаржы полициясының баспасөз қызметінен.

Қазақпарат