Жаңа кадрлық тағайындаулар

kaz_9Мемлекет Басшысының Өкімдерімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарлары тағайындалды.

Мемлекет Басшысының Өкімдерімен:

Қуат Бәкірұлы Қожахметов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне;

Нұрлан Жетпісұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Мемлекет Басшысының Жарлығымен Ержан Серікұлы Мұқаш Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Қозыкөрпеш Есімұлы Жаңбыршин Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.