Аслан Мусин қызметінен босады

musin_big484Аслан Мусин ҚР Қаржы министрлігіне қарасты Есеп комитетінің төрағасы қызметінен кетті. Оның орнына Қозыкөрпеш Жаңбыршин тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлайды. "Қ.Е. Жаңбыршинді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы" Жарлық бүгін (15.01.2014) жарияланды. "Қозыкөрпеш Есімұлы Жаңбыршин Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалсын", - делінген мәтінде.

nur.kz