Кәсіпкер өз қызы мен оның құрбысын зорлап келген

наручники1Алматы облысында өз қызы мен оның құрбысын 6 жасынан зорлап келген кәсіпкер-педофил сотталды.

Қапшағайдағы демалыс орындарының бірінде кәсібін дөңгелетіп отырған бизнесмен, қаршадай қос қызға сегіз жыл бойы қорлық көрсетіп келген. Сорақысы сол - қазір он төрт жасқа келген қыздардың бірінің анасы, кәсіпкер-педофилдің азаматтық некедегі әйелі, бұл сұмдық әрекеті туралы сегіз жыл бұрын біліпті. Қапшағайлықтарды дүрліктірген бұл қылмыстық іс 2006 жылдан осы күнге дейін жалғасып келген. Кәсіпкер-педофил  азаматтық некедегі әйелінің қызына 6 жасынан бастап қорлық көрсетіпті. Бірақ қаршадай қызға, "анаңа айтсаң өлтіремін" деп қорқытып, сегіз жыл бойы арам ойын іске асырып отырған. Бірақ сорақы қылмыс осы күнге дейін ашылмауы да мүмкін болған, өйткені, өгей әкесінің өрескел қылмысы туралы қыз да анасы да еш жерге шағымданбаған. Жасөспірімдерге жасалған кезекті рейд барысында прокурорлар анықтапты. Ауыр қылмысты анықтаған Қапшағай қалалық прокуратурасының қызметкерлері, кәсіпкер-педофилден жауап алу барысында, азғынның екінші қыз баланы, яғни жәбірленуші өгей қызының құрбысын да осыншама уақыт қорлап келгенін анықтаған. "Құрбысын да алты жастан бастап, зорлап жүрген екен. Сол факті ашылды қылмысты зерттеу барысында", - дейді . Қапшағай қалалық прокурорының орынбасары Ақылбек Үмбетәлиев. Сорақысы сол, бірінші қыздың анасы, азаматтық некедегі күйеуінің арам әрекеті туралы бұрын білген екен. Алайда, ойын баласының сөзіне мән бермеген. Жалпы прокурорлар Қапшағай қаласында 2013 жылы, 2012 жылға қарағанда, қыз зорлау дерегінің екі есеге артып кеткенін айтып, алаңдаулы. Ал, таяуда прокурорлар ашқан педофил-кәсіпкерге қатысты қылмыстық іске соңғы нүкте қойылды. Сөйтіп, Қапшағай қалалық прокуратурасы қозғаған қылмыстық іс сотқа жеткізіліп, сот өз қызы мен оның құрбысын сегіз жыл бойы зорлап келген қылмыскерге 18 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім кесті. Енді ол осыншама уақыт қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейтін болады.

31 арна