Жол-көлік оқиғасы 61%-ға өсті

prob1909-9Қазақстандағы автокөліктер саны 4 млн. бірлікке жетті. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында мәлім болды. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, Қазақстандағы автопарктің өсу қарқыны көше-жол желісінің даму қарқынынан едәуір артып кеткен. Оның үстіне көптеген автожолдар техникалық талаптарға да сай келмейді. «Өкінішке қарай, еліміздің жол саласындағы апаттылық ауқымы жоғары күйінде қалып отыр. Өткен жылы 20,3 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл 61 пайызға артық көрсеткіш. Оқиғалар салдарынан 2793 адам қайтыс болып, 26,1 мың адам жарақат алды», - дейді министр. Оның сөзіне қарағанда, жол-көлік оқиғасының 90 пайыздан астамы жүргізушілер кінәсінен жасалады. «Жалпы өткен жылы 42,8 мың «мас» жүргізуші ұсталып, жазаға тартылды. Олардың 5,3 мыңнан астамы әкімшілік қамауға алынды», - дейді ол.

Қазақпарат