2013 жылдан есте қалған шенділердің "оймақтай ойлары"
2014 ж. 07 қаңтар
5806
1
 Былтырғыдай, ақырзаманды айтып, базарда шамға "таласа" шуласпағанымен, халықтың аузынан түспеген әңгімелер былтыр да аз болған жоқ.

"Гарлем шейктің" шаңын шығарған Бақыт Сыздықова
Бақыт Сыздықова деген есімнің өзі ғана талай есте қалаларлық оқиғалардан хабар береді. Бұл кісі Көңілді тапқырлар клубының бұрынғы "түлегі" болғаннан кейін бе, әйтеуір елді өзіне қаратады да жүреді. Наурыз айында, Астананың "Мега" ойын-сауық орталығында сауық құрған Бақыт Сыздықова ханым "Гарлем шейктің" шаңын шығарып билеп, биыл да жыл бойы өзін назарда "ұстатты".
Естеріңізде болса, мән-мағынасы жоқ "Гарлем шейк" биін билейміз деп, оқудан шығып қала жаздаған екі студент бір күнде бүкіл елге танылған еді. Олар Президенттің суретінің жанында жай емес, партаға шығып алып билегендері үшін оқудан қуыла жаздаған болатын. Бірақ, сол кездегі Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың жеке тапсырмасы бойынша, ол екеуіне кешірім жасалып, оқуын жалғастыруға мүмкіндік берілген.
Бірақ, біздің әңгіме Қайрат пен Елдар туралы емес, біздің әңгіме Бақыт Сыздықованың шенеуніктерді биге шақыруында. "Туиттер" әлеуметтік желісінің белсенді тұтынушысы Бақыт ханым сол кезде өзінің жазбасы арқылы жастарды ғана емес, Мұрат Әбенов пен Нұрлан Өтешевті де би билеуге шақырған еді.
Бірақ, соңында, Бақыт ханым жастардың арасында өзі ғана билеп қалды... Ол қанша адамды шақырса да, акцияны қолдап тек жиырмаға жуық қыз-жігіт келген еді.
Сөзіңізге абай болыңыз, "патамушта" айтылған сөз атылған оқпен тең
"Суахили" тілінде сөйлейтін "Қазпошта" тіл жанашырларының ашуын келтірді
"Судың да сұрауы бар"
 "Мен Германияда оқыдым, ол елде мынандай жайттар кездеседі: коммуналдық қызметтер бір үйге келіп, ол үйдің иесі өліп қалды деп ойлайды. Себебі, коммуналдық қызмет үшін төлем өте аз екен. Ал ол үйде үнемшіл әже тұратын болып шығады. Германияда түнгі уақытта адамдар үйдегі жылыту батареяларын өшіріп тастайды да, ыдысқа су құйып қояды. Су қата бастағанда, жылуды қосады. Міне, осылай үнемдеді", - деген еді Бауыржан Байбек сол кезде. Қымбат демекші, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Бәйбектің Алматыдағы іс-сапары барысында коммуналдық қызметтердің бағасын қымбаттатуға қатысты айтқан мысалын Интернет әлі ұмытпаған сияқты.
Бірақ, ертеңгі ішетін суымыз бен жылуымыздың қамын бүгін құнттау керек екенін жеткізбек болған Байбек мырзаның мына кеңестерін кей БАҚ өкілдері дұрыс түсінбеген тәрізді. "Алдымен ыдыс-аяқ жуады, сосын сол сумен еден жуады. Алдымен балаларын жуындырып, сол сумен өздері жуынады" немесе "үй ыстық болса, таңертең шаршап тұрасың, үй салқын болса, адам демалып тұрады" деген ойларын әп-сәтте қалжыңға айналдырып әкетті.

Зымыран құлағанда "жаңбырдың жауа қалғаны жақсы болды"
 "Протонның" қауіп-қатері туралы айтқанда сасқалақтады ма екен, Мұсабаев: "апат соңынан жаңбырдың жауғаны жақсы болды" деп әбден сасқаны бар. Жаңбырдың жауғанына қуанғанымен, Талғат Мұсабаев "Болашақ" бағдарламасының игерлері ағылшын тілін сыраханаларда үйреніп жатқанына қынжылады екен. Үкімет отырыстарының бірінде "ағылшын тілін сыраханаларда үйреніп алғандықтан ол мамандардың білім деңгейі төмен" деген Мұсабаев әрине, кейін, "көпке топырақ шашқысы келмегенін" айтты.Суға қайдам, жаңбыр жауғанда қуанатын адамдар болса, соның бірі – Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаеав. Алайда, Талғат Мұсабаевтың жаңбырды жақсы көретіні көп адамды күлдіріп емес, керісінше, ашуландырған сияқты. Себебі, Талғат Мұсабаев жаңбыр жауғанға қуанатынын "Протон-М" ракетасы қазақ жеріне құлап жатқанда айтып қалған еді.
"Мен Үкімет отырысында шетелге туған-туысы бар адамдарды емес, оқи алатын адамдарды жіберу керек дегенді айтқым келген. Бәрін бұрмалаған Бұқаралық ақпарат құралдары...", - деп "ақталды" Мұсабаев.

Әлемде жоқ білімге сусындатпақ болған министр
 Айтпақшы, жаңа министр Аслан Сәрінжіпов те балаларды қазір жоқ мамандықтарға оқытамын деп, министр бола сала у-шу әңгіменің ортасынан бірақ табылды. Оның сөзінен кейін көп ата-ана балаларына дұрыс білім беру үшін "болашақта қандай мамандықтар пайда болады екен" деп бақсы-балгерлерге барған деседі. Енді қайтсін, министр Сәрінжіпов "Біз қазір балаларымызды әлемде әлі жоқ мамандықтарға оқытуымыз керек" деп, айды аспаннан бірақ шығарды ғой.

Білім саласындағы реформалар бір адамдардың "жүрегін айнытты"
Әзілді қойып, білім саласының зіліне келсек, реформадан көз ашпаған салалардың бірі –денсаулық сақтау болса, енді бірі – осы білім беру екені анық. Сондықтан болар, осындай "қызық" әрі "қиын" реформаны ала келген жаңа Білім және ғылым минстрі Аслан Сәрінжіповті түсінген адам аз сияқты. Тіпті, Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева реформалардан шаршағанын ашық айтты. "Білім саласын жайына қалдырыңыздаршы, реформалардан құсқым келеді", - деген еді депутат.Әйелінің үйінде тұратын әкімінің "көгілдірлер клубымен" күресуге күші жетпейді
 Бұл аз десеңіз, Қазақстандағы ең ірі мегаполистің әкімі баспанасы жоқтардың қатарына қосылды. Себебі, Ахметжан Есімовтің өзі: "Гольфты жақсы көргеннен кейін Астанадағы гольф-клубының жанынан кіші-гірім үй сатып алдым. Бұдан басқа жылжымайтын мүлігім жоқ, Алматыдағы үй әйелімнің атында. Қазір әйелімнің үйінде тұрамын", - деп мойындаған.Осылайша, халық пен халық қалаулылары білім саласына қажет емес деген реформалармен күресіп жатқанда, Алматы қаласының әкімі "көгілдірлер клубтарымен" "күресе алмайтынын" айтып, "атақты фразалардың" қатарын толықтырып тастады. Алматы қаласында бір ипподром дұрыс жұмыс істей алмай тұрғанда, жиырма шақты "гей-клубтардың" жұмыс істеп тұрғанын айтып налыған журналистің сұрағына Есімов "кейбір адамдар сондай нәрсеге жақын болса, не істей аламыз" деп, жайбарақат жауап бергені бар.

"Мәке", "Бәке", "Сәке" деп дастархан басында айту керек
 Ерболат Досаев депутат Уәлихан Бишімбаевты дастархан басында "Уәке" деп айтып үйренсе керек, Мәжілісте де "Уәке" деп қалып еді, төрағадан қатаң ескерту алды.Тамыр-таныстық демекші, енді Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев, тек ол ғана емес, Мәжіліс мінберіне шығатын кез келген адам "Мәке, Сәке, Бәке" деген қазақи қарым-қатынас тілін пайдалана алмайды. Оларға Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин тыйым салып отыр.

"Туысқан" малдардың будандасуынан бұзаулар нашарлап барады
 Қазақстанда асыл тұқымды мал басын қайтсем көбейтемін деп жүрген Асылжан Мамытбеков былтырғы жылдың соңындағыдай, биыл да жылдың соңында қысылып-қымтырылмастан бұқаларға қатысты пікірін ашық айтты.
"Табында тұқымы қандай екені белгісіз бұқалар жайылады. Ол сиырдың "ұлы немесе ағасы" болуы мүмкін... Бұл нағыз инбридинг (малдардың "туысқан будандалуы -агенттік), біз кімнен кім туып жатқанын білмейміз. Ол сиырларға қараудың өзі аянышты, барған сайын бұзаулары нашар болып барады, сүтті де аз береді...", - деген ол желтоқсан айының басында "Сыбаға" бағдарламасы туралы айта келіп.
Министр мықты бұзау қандай жағдайда туатынын бастан-аяқ баяндап берген негізі... Оның толық сөзін, әрине, Сізге Ғаламтор айтып бере алады... Осымен биылғы жылды сөздерімен де, істерімен де қызықты еткен саясат алаңындағы адамдардың тізімі тәмам сияқты. Жылқы жылында да жанға жайлы жаңалықтар көп болсын деп тілейік.

nur.kz