
Хромтау ауданының Бөгетсай кентінде жаңа жыл күнгі кеште газ иісі тиіп, 6 адам уланып қалды, деп хабарлады ТЖ бойынша департаменттің баспасөз қызметінен.
Қаза болғандардың бәрі "Аслан" шаруа қожалығында тұрған. Олардың арасында 44 жастағы үйдің отағасы, анасы және 7-17 жас аралығындағы үш бала бар.
Сонымен бірге, 44 жастағы тағы бір ер адам болған.
Отбасы мүшелерінің бәрі улы газ иісінен оқиға орнында жан тапсырған.
nur.kz