Тасмағамбетовтың келген жылдан күтері көп

1200274Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов елорда тұрғындары мен қала қонақтарын Жаңа 2014 жылмен құттықтаған болатын. *** Сіздерді Жаңа 2014 жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл - қай халықтың да зор қуанышпен асыға күтетін мерейлі мерекесі. Жаңа жылда әр адамның өмірінде жаңа кезең басталады.

Өткен 2013 жыл - жетістіктері мол, табысы зор жыл болды. Егемен еліміз тәуелсіздіктің 22 жылын асқаралы абырой, биік беделмен еңсеріп, жарқын болашаққа сенімді қадам басты.

Биылғы Жаңа жыл - шығыс дәстүрінде тыныштық пен ырыс-құттың белгісі саналатын - Жылқы жылы. Олай болса, 2014 жыл еліміз бен Елордамыз үшін қарымды да қарышты, жоталы да табысты жыл болғай!

Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін!

   Астана қаласының Әкімі                                  Иманғали Тасмағамбетов