Назарбаев пен Путин Байқоңырды бірлесіп пайдалануға келісті

0
948

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің арасындағы 2013 жылғы екіжақты ынтымақтастық нәтижелерін оң бағалады.

Бұл туралы Мемлекет басшысы ресейлік әріптесі Владимир Путинмен екіжақты кездесуінде мәлім етті. Сондай-ақ, Назарбаев 2013 жылғы екіжақты өзара іс-қимылға оң баға берді.

«ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы шартқа қол қойдық. Бүгін біз Байқоңыр бойынша бірлесіп атқаратын жұмыстардың жол картасына, Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қоямыз. Бұл украиндық әріптестерді де тартуға мүмкіндік береді»,- деді Президент.

Президент, сондай-ақ, мемлекетаралық байланыстар барысында Қазақстанға мұнай өнімдерін жеткізу мәселесі шешілгенін атап өтті. Мемлекет басшысы ресейлік тарапқа екіжақты ынтымақтастықта пайда болған мәселелерді ойдағыдай шешуге белсене қатысқаны үшін алғыс айтты. Владимир Путин бүгінгі кездесуге қол қоюға бірқатар құжаттар әзірленгенін атап көрсетті.

«Біздің соңғы кездесуімізден кейінгі уақыт ішінде аса шетін салаларда, соның ішінде энергетика және Байқоңыр бойынша біздің ынтымақтастығымызды тереңдету және кеңейту мәселелері бойынша нақты мәселелерде үлкен жұмыс атқарылды», – деді Ресей басшысы.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеуге келді. Отырыста ықпалдастық құрылымдары – Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті қырлары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыруға қатысты мәселелер ауқымы талқыланады.

nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз